Қазақстан ШЫҰ-ның жұмысына белсенді түрде қатыса береді – Тоқаев
![](/img/articles/uploads/6299d8b26c609954244373_e0bad3b72e.jpg)
Кездесуде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту сияқты басым бағыттар бойынша Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымымен арадағы ықпалдастығына қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қазіргі геосаяси жағдайдағы Ұйым қызметінің негізгі аспектілері қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Чжан Минге ілтипат білдіре отырып, оның ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметіне геосаяси ахуалдың күрделі жағдайында, яғни Ұйымның ерекше рөл атқаратын кезінде кіріскенін атап өтті.
– Қазақстан – Шанхай ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшесі. ШЫҰ-ның Бішкекте өткен саммитінде сөйлеген сөзімде оның халықаралық аренадағы ұйымдардың ішіндегі ең табыстысы екенін атап өттім, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның кең ауқымды проблемаларды қамтитын күн тәртібінің бірегейлігіне баса мән берді.
– ШЫҰ, шын мәнінде, қайшылық туғызатын ұйым емес. Оның қызметі конструктивтілікке, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бұл Ұйым халықаралық жағдайды жақсартуға зор үлес қосуды көздейді. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның жұмысына белсенді қатыса береді және оның әлеуетін нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосады, – деді Қазақстан көшбасшысы.
Мемлекет басшысы еліміздегі алдағы жалпыұлттық референдумға байқаушылар миссиясын ұйымдастырғаны үшін ШЫҰ-ның Бас хатшысына ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Чжан Мин ШЫҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердің көшбасшыларымен бірге өзін Ұйымның Бас хатшысы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол Президентке Ұйымның әлеуетін және мүше мемлекеттермен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бар күшін салатынын жеткізді.
Дипломат Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктерін, Президенттің басшылығымен іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Чжан Мин Ұйымның әлеуетін арттыруға еліміздің қосқан елеулі үлесін және оны дамытуға белсенді атсалысатынын айтты.
Әңгімелесу барысында Ұйымның Бас хатшысы Президентке қыркүйек айында Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына дайындық барысы туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжан Мин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)