00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Референдум ел болашағын айқындайды – сенатор

25.02.2023 | 07:10
Елорда ақпарат
55

Халық тарихында өнер мен мәдениеттің айрықша орны бар екеніне тоқталған Нұрлан Бекназаров:

Президенттің бастамасымен іске асырылып жатқан саяси реформалар аясында Конституцияға бірқатар өзгерту мен толықтыру енгізілмек. Мақсат – елімізді жаңарту, демократияландыру үдерісіне дем беріп, «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика» тұжырымдамаларын жүзеге асыруға негіз әзірлеу. Біз толық сеніммен айта аламыз, атқарылып жатқан шаруалар тікелей, түбегейлі түрде ел болашағын айқындайды. Әрине, референдуммен барлығы біте салмайды, алда тиісті заңдар мен Үкімет қаулыларына, Парламент шешімдеріне де өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі, – деді.

Сенаторлар Владимир Волков, Қанатбек Сафинов және Андрей Лукин де конституциялық реформаның мән-мағынасын түсіндірді.

Республикалық референдум неге дәл қазір керек деген сұрауға әлгінде сенаторлар жан-жақты түсініктеме жасады. Референдумның ең басты құндылығы – халыққа жақсы өмір сыйлау. «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдама шын мәнінде іске асса, халқымыздың әл-ауқаты біртіндеп, жүйелі түрде көтерілетініне ешқандай күмәніміз жоқ. ҚазҰӨУ-дің ұжымы да референдумға атсалысу мақсатында, мамыр айының басынан бері студент жастармен, профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіп, пікірталас, сұхбаттар ұйымдастырып келеді, - деді филология ғылымдарының кандидаты, ҚазҰӨУ профессоры Айман Қаудырова.

Ерлан МАЗАН

Все новости