00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

25.02.2023 | 05:47
Елорда ақпарат
66

Шағын және кеңейтілген құрамдағы Үкіметаралық келіссөздерде тараптар сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Қырғыз тарапына жылы шыраймен қабылдағаны үшін алғыс білдіре отырып, Әлихан Смайылов Қырғызстан Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратын бауырлас мемлекет екенін атап өтті.

Қазақстан Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды, ол қазірдің өзінде 1 млрд долларға жетіп отыр.

Әлбетте, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, екі елдің әлеуеті бұдан да жоғары деп есептеймін. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – өзара сауда деңгейін 2 млрд долларға дейін жеткізу, – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров екі халық арасындағы тарих пен мәдениеттің ортақтығына, өзара түсіністік пен сенімге негізделген достық және бауырластық байланыстар ортақ мақсат – халықтарымыздың гүлденуі мен әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар Үкіметаралық кеңестің 10-отырысының хаттамасына, сондай-ақ «GFC Bishkek» ЖШҚ құру туралы келісімге қол қойды.

Все новости