Ерлан Қошанов AMANAT партиясы фракциясының жиынын өткізді
![](/img/articles/uploads/626bc0438c1e0113534964_b40561392b.jpg)
Жиын барысында Ерлан Қошанов Фракция мүшелерімен Президент Тоқаевтың ҚХА сессиясы барысында Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастамасының маңыздылығына ерекше назар аударды.
Бұл жан-жақты сараланған тарихи шешім. Біз мемлекет құрудың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрмыз. Ол – азаматардың саясатқа араласу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған еліміздің қоғамдық-саяси жүйесінің трансформациясы. Алдағы өзгерістердің ауқымын ескере отырып, оған күллі халықтың қатысуы өте маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы референдум өткізуді ұсынды, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы атап өткендей, Қазақстан мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшуде. Ол өзгерістердің ауқымы ескеріле отырып, «Екінші республика» деп аталды.
Е. Қошанов Мәжіліс депутаттарына да зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, олардың түсіндіру жұмыстарына қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды халыққа дұрыс жеткізу, – деді палата төрағасы.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаттарына өңірлердегі түрлі диалог алаңдарында, еңбек ұжымдарында және дәрігерлер, мұғалімдер, жастар, қоғамдық көшбасшылармен, сондай-ақ ғылыми-сарапшылық орта өкілдерімен кездесулер өткізудің қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ барлық реформалардың қоғам мен әрбір азамат үшін маңызын қарапайым тілмен жеткізуге тиіс екенін атап өтті.
Мәжіліс спикері депутаттардың сапары қалалар мен аудандарға ғана емес, сондай-ақ әр түрлі санаттағы азаматтарды барынша қамти отырып, шалғай елді мекендерге шығуын ұйымдастыруды тапсырды.
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)