00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Дабыл: Қазақстан Қарулы күштері аяқтарынан тік тұрды (ФОТО)

25.02.2023 | 03:55
Елорда ақпарат
92

Бас штабтың жоспарына сәйкес, құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді.

Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға теміржол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетуді жүзеге асырады.

Полигондарда тактикалық, оның ішінде түнгі жағдайда да оқу-жаттығулар мен атыстар өтетін болады. Бұдан өзге, бөлімдердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеті, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланатын болады.

Қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі.

Все новости