00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің дайындығын тексерді

25.02.2023 | 03:54
Елорда ақпарат
67

Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру, сондай-ақ оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының Қарулы күштерде іске асырылу барысын басты назарға алды. Сонымен қатар, «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында Қарулы күштерде жаңару мен жаңғырту жүргізіледі, – делінген министрліктің ақпаратында.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Шайх-Хасан Жазықбаев пен әскери бөлімдердің командирлері мақсат-міндеттері, жауынгерлік мүмкіндіктері, істердің ағымдағы жай-күйі және орын алып отырған проблемалық мәселелер туралы баяндады.

Қорғаныс ведомствосының комиссиясы әскери инфрақұрылымның, әскери техниканың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаудың, әскери объектілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздігінің жай-күйін тексерді.

Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша министр жауынгерлік даярлық пен жалпы қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіруге, бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Все новости