00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Ұсыныстарыңызды қолдаймыз»: ОСК төрағасы жастармен кездесті

25.02.2023 | 02:58
Елорда ақпарат
68

Отырысты аша отырып, ол қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері барлық өңірді аралап, сайлау үдерісін жетілдіру бойынша электораттың пікірін зерделеп жатқанын, сайлаушылардың 36%-ға жуығын жастар құрайтынын атап өтті. Кездесуде пропорционалды, мажориталды сайлау жүйесінің артықшылықтары және кемшін тұстары, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде әлеуметтік желілерді қолдану қажеттігі туралы мәселелер қызу талқыға түсті.

Жастар ұйымдары өкілдері тарапынан Орталық сайлау комиссиясына жастардың сайлау мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту шараларын көбейту туралы ұсыныстар айтылды. Комиссия төрағасы бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында азаматтардың саяси мәдениетін дамыту қажеттігін атап өткенін жеткізді. Ал саяси мәдениетке сайлау мәдениеті де жатады. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі.

Кездесу барысында жастар арасында кейбір сайлау мәселелеріне қатысты қоғамдық пікірді білуге онлайн сауалнама жүргізілді. Соның нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың 54,5%-ы компьютер, смартфон, планшет қолдану арқылы қашықтан электронды дауыс беруді қолдайтыны белгілі болды. Ал 10,1%-ы сайлау учаскелерінде стационарлы электронды дауыс беруді жақтады, 27,8% -ы жоғарыда аталған екі дауыс беру түріне де қолдау білдірді. Сонымен бірге қағаз бюллетендер арқылы дәстүрлі түрде дауыс беруді - 7,6% қатысушы қолдады.

Қазіргі сәтте біздің елде, елордамызда сіздер сияқты саяси сауатты, белсенді және ерекше ойлы жастардың бар екені мақтаныш. Айтылған ұсыныстарыңыздың бәрі назарға алынып, қолдауға ие болады, – деді комиссия төрағасы.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров бұл күні IIKOMEK 109 орталығына барып, сайлаушылар үшін call-орталық жұмысымен танысты.

Райхан Рахметова

 

 

Все новости