00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бізге мықты және еліміздің саясатын қорғауға қабілетті ҮЕҰ қажет – Асқар Умаров

25.02.2023 | 01:17
Елорда ақпарат
99

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғамды дамыту комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет және т.б. қатысты.

Министр Асқар Умаров өз сөзінде 2022 жыл еліміздегі елеулі тарихи оқиғалардан басталғанын айтып, үкіметтік емес сектордың рөлін күшейту қажеттігін алға тартты.

Өздеріңізге мәлім, 2022 жыл Қазақстандағы маңызды тарихи өзгерістер жылы болды. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  халықтың өзекті мәселелерін шешуде үкіметтік емес сектордың рөлін күшейту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша міндеттерді алға қойды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында  өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, қоғамдық диалогты қалыптастыру, қоғамдық кеңестер қызметін жандандыру бойынша тапсырмалар берілді, – деді А. Умаров.

Оның айтуынша, азаматтық қоғам - тәуелсіздік жылдарында бастамашыл бірлестіктерден бастап мыңдаған азаматтық секторға дейінгі барлық қалыптасу сатысынан өткен сала.

Заңнаманың үздік әлемдік тәжірибелерін тарату, стратегиялық құжаттарды табысты іске асыру ҮЕҰ-ның сандық және сапалық өсуін қамтамасыз етті. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам тіркелген үкіметтік емес ұйым бар, олардың 17 мыңға жуығы белсенді жұмыс істейді. Онда 40 мыңға жуығы әлеуметтік әділеттілік сезімі білімді адам бар. Бұл орасан зор қоғамдық әлеует, оның зияткерлік күші мен энергетикасын қарапайым азаматтардың пайдасына, ал сайып келгенде, әлеуметтік прогрестің игілігіне айналдыру қажет, – деді министр.

Ол, ең алдымен, азаматтар пикеттерде, митингілерде және ашық сипаттағы пікірталастарда өз келіспеушіліктерін білдіре алатындай жағдай жасау керектігін атап өтті.

Еліміздің қазіргі даму кезеңінде қойылған міндеттер ҮЕҰ секторының бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. Бізге мықты, жетілген, пікірі қалыптасқан және саясатты қорғауға қабілетті ҮЕҰ қажет. Әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының артуы біздің күш-жігерімізге байланысты, – деп атап өтті министр.

Альянс басшысы Бану Нұрғазиева семинардың басты мақсаты – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл форматын зерттеу екенін атап өтті.

Үкіметтік емес секторды тұрақты дамыту мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Мемлекет - қоғам өзара іс-қимылының форматы түбегейлі қайта қаралуға және тепе-теңдік жағдайында құрылуға тиіс, - деді Б. Нұрғазиева.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласы елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуына өз деңгейінде үлес қосып отыр.

Бүгінгі таңда елордада 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың басым көпшілігі тұрақты түрде жұмыс істейді. Қалада Азаматтық бастамалар орталығы бар. Жалпы, қоғамның өзара қарым-қатынасын реттеудегі ҮЕҰ-ның рөлі орасан зор. Ал енді Қазақстан тарихындағы ҮЕҰ-дың ішінде «Қазақстанның Азаматтық Альянсының» орны ерекше. Үлкен тарихы, нәтижелі жұмысы бар. Соңғы уақытта мардымды қадамдар жасалып жатқанын көріп, қуанып отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласында да осы бағытта ортақ саясатқа, ортақ мақсаттарға сәйкес, жұмыла жұмыс істеуге әркез дайынбыз. Мемлекет басшысының ашық мемлекет концепциясының ең негізгі өзегі – үкіметтік емес ұйымдар. Сондықтан ҮЕҰ нәтижелі және жүйелі жұмысы, ең бастысы, ашық және таза жұмысына мемлекеттің іргетасын бекітіп, қоғамның ішінде әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алатын болса, соны реттеудегі рөлі орасан зор деп ойлаймын, – деді Д. Бабамұратов.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғамды дамыту комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша, осындай басқосулар тәжірибе алмасуға көмектеседі.

Бүгінгі шараның мақсаты – жаңа білім алып, тәжірибе алмасу, сондай-ақ қазіргі жаңа форматтағы жұмысымызды одан ары жалғастыру. Осылай тәжірибе алмасып кездескен дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, пандемия кезінде біраз адам жұмыстарын ауыстырды, сондықтан осындай жаңа форматтағы жұмыс тиімді, – деді М. Қожахмет.

Айта кетейік, екі күндік тренинг аясында азаматтық альянстың өңірлік өкілдері «Дағдарысқа қарсы ақпараттық басқару құралдары», «Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматы»; «Әлеуметтік мәселелерді шешудегі «үшінші сектор» акторларының құзыреті: әлеуметтік жұмыс технологиялары» тақырыптарын талқылайды және әлеуметтік медиадағы стратегиялық коммуникацияларды зерттейді.

Все новости