00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Өзгерістердің уақыты келді – Аида Балаева

24.02.2023 | 23:24
Елорда ақпарат
73

ҚХА баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс барысында А.Балаева Ассамблеяның қаңтар оқиғалары күндері жүргізген жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев айтқан міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Аида Балаева «Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда алда тұрған жұмыстың негізгі басымдықтарын нақты белгілеп берді, сондай-ақ «қоғамда түйткілді проблемаларды шешу жолдарының айқын көруін» атап өтті.

Nur Otan партиясының съезі көкейкесті өзгерістердің уақыты келгенін, елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібінің тұрғанын айқын көрсетті, – деді ол.

Осы орайда ол Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттеріне нақты тоқталып, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» идеясының Ассамблея үшін бағдарламалық сипатқа ие екенін баса айтты.

Кездесу барысында Ассамблеяның алдағы іс-шараларының дайындық мәселелері талқыланды, Мемлекет басшысының ҚХА-ның барлық құрылымдарында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.
 

Все новости