00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстан мен Корея дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде

24.02.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
66

Кездесу барысында Ш.Нұрышев екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жемісті ынтымақтастықты, сондай-ақ оны шынайы құрмет пен стратегиялық әріптестік рухында нығайтудағы соңғы 30 жылдағы елеулі жетістіктерді атап өтті.

Мерейтойлық күніне орай тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чон Ый Ённің құттықтау хаттарымен алмасты.

М.Тілеуберді өз хатында екі елдің қарым-қатынасы дәстүрлі түрде достық пен өзара қолдау қағидаттарына негізделгенін атап өтті.

Өткен жылы екі мемлекет басшылары берген Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің серпіні жыл сайын үдемелі түрде дамитынына сенімдімін, – деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Чон Ый Ён «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына өткен жылы мемлекеттік сапары елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге ықпал еткенімен» келісті.

Алдағы үш онжылдыққа көз жүгірте отырып, мен осы жылдың басында ішкі қиындықтарды еңсере отырып, өз қабілеті мен құзыреттілігін іс жүзінде көрсеткен Сіздің еліңізбен серіктестіктің одан әрі дамуына шын жүректен үміттенемін, - деп атап өтті Оңтүстік Корея министрі.

Все новости