Қытай елшісі Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты
![](/img/articles/uploads/61f3af44a0946559802581_71f3b33287.jpg)
Қазақстандық тарап Қытай нарығына органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге қызығушылық танытты. Тараптар «таза энергия», жасыл даму және IT-технологиялар саласындағы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы айтарлықтай әлеуетті атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы жүк тасымалы мен тұрақты әуе қатынасының жағдайы туралы жан-жақты пікір алмасу болды.
Р. Скляр Чжан Сяоны келе жатқан Қытай Жаңа жылымен, сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпан айында Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарымен құттықтап, осы айтулы шараның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Чжан Сяо Қазақстанмен ынтымақтастық Қытайдың сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Қазақстанның жақын көршісі және досы бола отырып, кез келген тәуекелдер мен қиындықтарға қарамастан Қытай сенімді серіктес болып қала беретінін және қазақстандық тарапқа қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Екі ел арасындағы қарым-қатынас тығыз сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген. БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық құрылымдар аясында екі ел арасында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Қазақстан мен Қытай арасындағы 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынас кезеңінде стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп, барлық шекаралық мәселелер түпкілікті реттеліп, берік құқықтық база құрылды.
Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала береді, 2021 жылдың 11 айында тауар айналымы $17 млрд құраған.
Тараптар стратегиялық серіктестікті толық жүзеге асыра отырып, екі мемлекеттің халықтарының игілігі үшін сауданы, инвестицияны және ірі жобалардағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)