00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Соңғы бір апта баршамызға бейбіт күннің бағасын білдірді - Ералы Тоғжанов

24.02.2023 | 22:02
Елорда ақпарат
55

«Ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілектің мәні мен мағынасын, тереңдігі мен қасиетін ұғындырды. Бұл жағдай - біздің еліміз үшін үлкен сынақ, өмірлік сабақ екені сөзсіз. Ең алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының күрделі кезеңде қабылдаған келелі шешімдерінің   арқасында біз бұл жағдайды ушықтырмай еңсердік. Ендігі мақсат – қиындықты бірге еңсеріп,   өткен жағдайды ескеріп, ел болып жақсылық пен жаңалыққа жол бастау. Баршаңызға мәлім, соңғы күндері  Қазақстанның барлық өңірлерінде эпидемиялық ахуал күрт нашарлады. Бұған бірден бір себеп - елімізде «Омикрон» штаммының таралуы. Бұл желтоқсан айында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша дәлелденді. Жалпы, әлем бойынша ауру санының кезекті рет күрт артуына өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Еуропада соңғы екі аптада  ауру саны өсті.   Оның ішінде халықтың  50 %  «омикронмен»   ауырып жатыр, – деді Е. Тоғжанов.

Все новости