00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Халықты жұмыспен қамту мен жалақыны көтеру бойынша кешенді шаралар атқарылады – Премьер-министр

24.02.2023 | 21:27
Елорда ақпарат
94

Қасым-Жомарт Кемелұлы, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басым міндеттер болады. Үкімет Президенттің Жолдауларын, бастап жатқан реформаларын және тапсырмаларын, стратегиялық-бағдарламалық құжаттарды іске асыру жұмыстарын жүргізетін болады. Тиімді макроэкономкиалық саясатты іске асыру жаһандық өзгерістерге ұшыраған инфляцияны біртіндеп төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды міндеттер болып табылады, – деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол өз сөзінде елдегі экономикалық ахуалға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

Экономикалық өсуді ортамерзімді уақытта 5% деңгейіне жеткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Ұлттық инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға отандық және шетелдік инвесторларды тарту үшін елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру саясаты жалғасатын болады. Бизнес климатты жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мен жалақыны көтеру жөніндегі кешенді шаралар азаматтардың нақты табысының өсуіне ықпал етеді. Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, сондықтан мемлекеттік бюджет тиісті шараларға көзделетін болады, – деді Ә. Смайылов.

Оның сөзінше, алдымызда әлі коронавирус пандемиясын еңсеру міндеті тұр. Халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстары жалғасады.

Все новости