Президент кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/61c31b5f23085480832367_fed2581cb9.jpg)
Кездесу барысында Президентке биылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген әсері туралы баяндалды.Рустам Жүрсіновтің айтуынша, осы жылы бизнес-омбудсменнің кеңсесіне 3912 өтініш түскен. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға аз. 1463 өтініш кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Негізінен сатып алуларға, жерге, салықтарға, құрылысқа қатысты мәселе жиі көтерілген.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «басынан бастап» реттеу тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Жаңа реттеу саясатының базалық тәсілдерін белгілейтін тиісті заң жобасы Парламент Сенатының қарауында жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін бизнеске қатысты міндетті бұрынғы талаптардың бәрі тексеріледі. Аталған шаралардың түпкі мақсаты – мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды толықтай цифрландыру.
Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жұмысының қорытындыларын оң бағалап, бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбею себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар әзірлеу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті де қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық қорытындылары туралы есеп берілді.
Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қордың биылғы табысы 10,5 триллион теңге болады деп болжанып отыр. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 22 пайыз жоғары. Бұған мұнай бағасының көтерілуі, жүк тасымалы мен транзит көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ электр қуатын өндіру және тарату көрсеткіштерінің артуы негізгі фактор болды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыруға қатысты тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы 11 басым жобаның іске асырылу барысы туралы баяндалды. Қорды басқару кеңесі жобаларды мақұлдап, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізді.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)