00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда аста-төк өмір сүретін шенеуніктерді тексеретін болады

24.02.2023 | 16:10
Елорда ақпарат
75

“Биыл Президенттің тапсырмасымен 2022-2026 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың концепциясы әзірленеді. Ондағы басты жаңалықтардың бірі – негізсіз байлық үшін жауапкершілік енгізу болып отыр. Заң жобасын біз Парламентке жібердік. Кірістен гөрі шығынның көп болуы – қаржылай тексеріс жасау керек деген белгі”, – деді М. Ахметжанов агенттік брифингінде.

Оның айтуынша, 2018 жылы Қазақстан есепшоттар туралы ақпаратпен алмасып отыру келісіміне қол қойған болатын, бұл шенеуніктердің шетелдегі активтерін анықтауға мүмкіндік береді.

“Келесі қадам – осы активтерді қайтару. Биыл біз еуропалық конвенцияларға қосыламыз, ол бізге жемқорлардың көлеңкелі кірістерін шетелдік шоттарға құюына қарсы күресте жақсы көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баю үшін келгендерге тұсау салады”, – деп атап өтті агенттік басшысы.

Сондай-ақ ведомство өкілі елімізде жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік барынша қатаңдатылғанына да тоқталды.

“Құқыққорғау органдары мен сот қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік күшейді. Пара алғандар 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Одан көп жылды кісі өлтірушілер мен педофилдерге ғана береді. Жемқорлық үшін сотталғандарға өмір бойы мемқызметте жұмыс істеуге тыйым салынады. Ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандарды шартты немесе мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі жоқ”, – деді ол.

Все новости