00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жаңадан құрылып жатқан Қосшы қаласында басқарма басшылары тағайындалды

24.02.2023 | 15:13
Елорда ақпарат
91

Жалпы конкурс негізінде Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің өкімімен «Қосшы қаласының ауыл шаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы болып Елнұр Маратбекұлы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызметте бірнеше жыл бойы қызмет атқарып келеді. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік салалары бойынша еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман.

Сондай-ақ «Қосшы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болып Бақытбай Шәдиұлы тағайындалды. Ол да мемлекеттік қызметте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша бірнеше жыл жұмыс істеген.

Все новости