00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Президентке Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасының түпнұсқасы көрсетілді

06.06.2024 | 15:11
Торғын Аман
108
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның «Scripta Maneant» баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.

Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.

«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
27.06.2024 | 12:41
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
27.06.2024 | 12:19
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
26.06.2024 | 19:33
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
23.06.2024 | 10:46
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23.06.2024 | 09:40
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
12.06.2024 | 15:02
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
12.06.2024 | 12:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
10.06.2024 | 20:54
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
10.06.2024 | 16:03
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
10.06.2024 | 13:31
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
Все новости