00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

17.05.2024 | 10:57
155
 Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;

- Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар үшін шаруа немесе фермер қожалығына жер учаскелерін беру көзделген;

- қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қолдау ретінде көшуге субсидия, тұрғын үй жалдау, коммуналдық қызмет төлемдерінің шығындарына өтемақы, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары секілді материалдық көмек көрсету көзделген;

- Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған;

- Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын беретін инвесторларға арналған көпреттік виза және сұранысқа ие кәсіп иелері үшін виза енгізілген;

- экстремистік немесе террористік ұйымға қатысы бар, қайтадан қылмыс жасаған, ұйымдасқан топтың (қылмыстық ұйымның) «серкесі» саналатын, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған, сондай-ақ Қазақстанда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған және халықаралық шарттар негізінде өз азаматтығы бар елге берілген адамдардың елімізге кіруіне тыйым салынған.

Сонымен қатар Заңда халықтың көші-қонына қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулер көзделген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
27.06.2024 | 12:41
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
27.06.2024 | 12:19
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
26.06.2024 | 19:33
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
23.06.2024 | 10:46
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23.06.2024 | 09:40
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
12.06.2024 | 15:02
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
12.06.2024 | 12:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
10.06.2024 | 20:54
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
10.06.2024 | 16:03
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
10.06.2024 | 13:31
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
Все новости