00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент

27.06.2024 | 12:41
Торғын Аман
75
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді
фото: www.akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БАҚ қызметкерлері күніне арналған жиында жақында қабылданған «Масс-медиа туралы» заңның маңызы жайында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Масс-медиа туралы» заңға қол қойдым. Өте маңызды құжат. Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген деп айтуға болады. Бұл құжат еліміздегі масс-медианың әлеуетін арттыра түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, депутат пен журналист қызметі бірі-бірімен тығыз байланысып жатыр. Екеуі де ел мүддесін қорғайды. Халық сенімін арқалап, оған мүлтіксіз қызмет етеді. Қазір депутаттар корпусы мен масс-медиа өкілдері үйлесімді жұмыс істеуде», - деді Президент.

Журналистер қауымы ұлттық парламентаризмді дамытуға қашанда  зор үлес қосып келеді. Қазіргі депутаттар құрамында ақпарат саласының өкілдері жеткілікті.

«Атап айтқанда, Нұртөре Жүсіп, Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Сергей Пономарев, Жанарбек Әшімжан, Бибігүл Жексенбай, Айгүл Қапбарова секілді әріптестеріңіз көпшілікке белгілі. Ұлт мүддесін қорғап жүрген журналистердің Парламент төрінде отыруы – заңдылық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
27.06.2024 | 12:41
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
27.06.2024 | 12:19
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
26.06.2024 | 19:33
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
23.06.2024 | 10:46
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23.06.2024 | 09:40
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
12.06.2024 | 15:02
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
12.06.2024 | 12:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
10.06.2024 | 20:54
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
10.06.2024 | 16:03
Президент Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
10.06.2024 | 13:31
Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің жеке өкілімен кездесті
Все новости