00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мемлекет басшысы БҚО-да жедел штабтың отырысын өткізді

04.04.2024 | 17:40
123
 Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді
Фото: дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

 Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр.  Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Басқа жол жоқ. Тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстары атқарылуда. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті, – деді Президент.

Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты жағдай әлі де өте күрделі екенін атап өтіп, мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды.  Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Алайда қазіргі су тасқыны одан әлдеқайда ауқымды.

Мен зардап шеккен аудандарды аралап шықтым. Апаттың ауқымын, шығынды көріп отырмын. Қаншама дүние-мүлік, электр желілері судың астында қалды. Жолдар мен көпірлер шайылып кетті.  Барлық негізгі мәселе шешілгеннен кейінгі ең басты міндет – қайта қалпына келтіру. Үкіметке жаңа типтегі үйлер салу немесе бұрыннан бар үйлерді реконструкциялау жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді тапсырдым. Бұл мәселені оңтайлы шешеміз деп ойлаймын. Ахуалдың ауыр екенін бұған дейін де айттым. Үкіметтің, Республикалық штабтың жетекшілігімен облыс әкімдері бұл міндетті дұрыс атқарады деп санаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы облыстағы ауа райы болжамының қолайсыздығын атап өтіп, су тасқыны жағдайының ушығуына дайын болу қажет екенін айтты7

Бұл – табиғи құбылыс екенін бәріміз түсінеміз.  Қардың еруі және тоңның қалың болуы салдарынан топырақтағы ылғал мөлшері жоғары болды. Содан кейін күн күрт жылынып, жауын-шашын жиіледі. Өкінішке қарай, биыл осы факторлардың барлығы қабаттасып кетті.  Бұдан сабақ алуымыз керек. Су тасқыны кезеңіне жыл сайынғы дайындық жұмыстары жаз-күз мезгілдерінде басталып, үш бағытта жүргізілуі қажет. Ең алдымен, бұл – болжам, сараптама жасау сипатындағы шаралар. Гидрометеорологиялық қызмет болжам деректерін мұқият талдап, алдағы су тасқыны кезіндегі жағдайдың өрбу сценарийлерін дайындауға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
04.07.2024 | 08:51
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды
03.07.2024 | 15:25
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айтты
01.07.2024 | 19:40
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айтты
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
27.06.2024 | 12:41
«Масс-медиа туралы» заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді - Президент
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
27.06.2024 | 12:19
«Журналист – мәртебелі мамандық»: Президент БАҚ өкілдерін марапаттады
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
26.06.2024 | 19:33
Президент Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
23.06.2024 | 10:46
Президент: Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылады
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23.06.2024 | 09:40
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
12.06.2024 | 15:02
Қазақстан мен Корея ресми делегациясы бірқатар құжаттарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
12.06.2024 | 12:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алды
Все новости