Заңсыз айналымнан 114 кг есірткі тәркіленді – ІІМ
![ІІМ](/img/articles/a00936a96c63521cc9326d161c79da8c.jpeg)
Бірінші маусымнан бері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар жабайы қарасора өсетін жерлерді, отырғызылған плантацияларды анықтайды. Бұл іс-шараларға ІІМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің арнайы бөліністері жұмылдырылған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заңсыз есірткі плантациялары шалғай жерлерде өсірілетінін ескере отырып, оларды анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ мүмкіндіктері пайдаланылады.
Құқық қорғау органдарының каннабис тобындағы есірткіге деген мұндай назары жалпы ауданы 63 мың га құрайтын Шу алқабымен ғана байланысты емес. Қазіргі уақытта басқа да оңтүстік облыстарда криминалитет өкілдері өнеркәсіптік ауқымда үнді қарасорасын өсіруге тырысуда. Мұндай қарасора болашақта іргелес мемлекеттерге тасымалдануы мүмкін. Сондықтан ұшу аппараттары мен жаяу патрульдердің көмегімен шалғайдағы аумақтарға барлау жүргізіп жатырмыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов.
«Қарасора» жедел-профилактикалық шарасын өткізудің 10 күнінде республика аумағында 45 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 8 есірткі өткізу, 9 аса ірі мөлшерде сақтау, 9 контрабанда және есірткіні заңсыз насихаттау фактілері мен құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруді ұйымдастырудың 18 жағдайы анықталды. Заңсыз айналымнан 114 кг есірткі тәркіленді. Оның 6 келіден астамы синтетика.
Жақында ғана Жетісу облысында 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның жазғы ас үйінде диванның астынан қызметтік ит бес пакет гашиш тапты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг құрады.
Петропавлда автокөлікті жоспарлы тексеру кезінде қала тұрғыны ұсталды, оның көлігінде 2 келіден астам гашиш пен травматикалық тапанша тәркіленді.
Айта кетейік, «Қарасора» арнайы операциясы әлі де жалғасып жатыр.
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Астанада жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті](/img/articles/5bd1ee8604a96ac57108ef5f8218af92.jpeg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)