00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың бауыры күдікті ретінде қамауға алынды

06.07.2023 | 16:00
104
Фото: kg.akipress.org

Бішкекте Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды деп хабарлады Elorda.info 24.kg агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінен белгілі болғандай, Ыстықкөл ауданы Кең-Суу ауылының тумасы 32 жастағы Ұлан Жапаров Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалған.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, оған Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр, - делінген агенттік таратқан мәліметте. 

Артынша Бішкек қаласы Бірінші Май аудандық соты азамат У.Ж.-ның сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.

Ақпарат көзінің дерегінше, ол Қырғыз Республикасының қазіргі президенті Садыр Жапаровтың ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Все новости