«Тосқауыл» операциясы: Үш күнде 130 есірткі қылмысы тіркелді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/mm9d_YS_Zn_347e8fb01c.jpg)
Азаматтармен кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Полиция, әкімдік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесулер, 286 дәрістер, акциялар, дөңгелек үстелдер, спорттық және басқа да есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Есірткі заттарының жарнамасы бар граффитилерді өшіруде полицияға еріктілер көмек көрсетеді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
«Тосқауыл» операциясы басталғалы бері екі есірткі зертханасы жойылды.
Мәселен, Алматы қаласында жеке үйде синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды. Синтетиканы дайындауға арналған жабдықтар, оның ішінде реакторлар, вакуумдық сорғылар, магниттік араластырғыштар, сондай-ақ қаскөйлердің есірткі бизнесіне қатысы бар екенін растайтын ақша айналымы туралы жазбалар және 13 кг астам мефедрон тәркіленді.
Маңғыстау облысында каннабис тобының есірткі өсімдіктері өсірілетін фитозертхана таратылды. Ол жерден арнайы жылытқыш жабдық, тамшылатып суару жүйесі мен жарықтандыру аппараттары тәркіленді.
Шымкент-Жетісай тасжолында полиция қызметкерлері Toyota Camry 40 маркалы автокөлігін тоқтатты. Оның жүксалғышынан жалпы салмағы 65 кг кептірілген марихуана салынған төрт полипропилен қап табылды.
«Тосқауыл» операциясы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын шетел азаматтары мен олардың тұратын жерлеріне тексеру жүргізіледі. Операция басталғалы бері көші-қон заңнамасын бұзудың 772 дерегі анықталып, 141 адам елден шығарылды.
Қызметтік иттермен көліктерге, автокөлік құралдарына, жүктерге, пошта бөлімшелері мен басқа да нысандарға тексеру жүргізіледі. Олардың көмегімен 23 есірткі қылмысы анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтаудың 24 фактісін анықтады, – деді Б.Әмірханов.
Операцияның үш күнінде барлығы 130 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде есірткі өткізудің 32 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 24 фактісі және есірткі контрабандасының үш фактісі тіркелді.
Заңсыз айналымнан 107 кг жуық түрлі есірткі, оның ішінде 26 кг синтетика, 79 кг марихуана және 1,8 кг гашиш тәркіленді.
Осылайша полицейлер 78 мыңға жуық синтетикалық есірткінің бір реттік дозасын айналымға жібермеді.
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)