00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі эвакациялау басталды

Талдыкөл ауылы
фото: Атырау облысының жедел штабы

Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі эвакациялау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Атырау облысының жедел штабынан мәліметінше, Талдыкөл ауылының 250 тұрғынын түгелдей эвакуациялауға шешім қабылданған.

Су басу қаупінің күшеюіне байланысты толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Бірнеше күн бұрын Талдыкөлден 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланған еді. Ал, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқан болатын. Енді тұрғындар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасындағы эвакуация пунктіне орналастырылады. Өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады, - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Все новости