00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Президенттің төрағалығымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр

11.06.2023 | 17:30
64
фото: akorda.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысы табиғат апаты кезінде қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап. 

«Елімізде тағы да алапат өрт болып жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаумен күрес кезінде азаматтарымыз қайтыс болды. 14 адам қызметтік міндетін атқарып жүріп ерлікпен қаза тапты. Мен жаңа ғана бұл адамдардың туысқандарымен кездестім. Өте ауыр әңгіме болды. Жұрт жылап отыр. Үкіметке наразылығын айтып жатыр. Марқұмдардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Президент.

IMG_20230611_174031_111.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алда ауқымды жұмыс бар. Жалпы, бұл салада түйткілдер, шешілмей жатқан мәселелер аз емес. 

Қазіргі таңда негізгі міндет – жұмысты сапалы жүргізу.

Все новости