Полицейлер 50-ге жуық терроризм туралы жалған хабарлама тіркеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/a62202de_606e_4c08_b44c_120d3c9a563d_a3c2285624.jpeg)
Биыл көліктегі полиция департаментінде ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша 49 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша соңғы уақытта әуе және теміржол көлігі нысандарында әзіл-қалжыңды жалған терроризм фактілері жиілеп кеткен. Жыл басынан бері аталған қылмыстарды жасағаны үшін барлығы 21 тұлға анықталып, ұсталды. Бұл ретте «әзілқойлар» туындаған жағдайдың ауырлығын және салдарын түсінбей жатады.
Мәселен бір тәулік ішінде Астана қаласының әуежайында жолаушылар тіркеуден және тексеруден өту кезінде әуежай қызметкерлеріне бомба, граната және т.б. тыйым салынған заттардың бар екендігі туралы әзіл-қалжың түрінде хабарлаған 3 факт тіркелді.
Жүргізілген тексеру іс-шараларының нәтижесінде тыйым салынған заттар табылған жоқ. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ПД бастығы.
Сондай-ақ ведомство басшысы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар көлік инфрақұрылымының қызметін тоқтатып, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің күштерін нақты қылмыстар мен оқиғалардан аударып әкететінін, сондай-ақ материалдық залал түрінде елеулі зиян келтіретінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Сонымен қатар жалған террористер сот шешімі бойынша оқиға орнына жұмылдырылған жедел әрекет ету қызметтерінің барлық шығындарын толық көлемде өтейді.
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)