00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Оралда белгілі кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты

15.11.2023 | 08:00
127
Фото: ашық дереккөз

12 қараша күні таңертең жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеде қайтыс болған. Бұл туралы Elorda.info Орал апталығы басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

54 жастағы Сергей Губерге Оралдағы автомобиль жөндеу бойынша ірі автосервистердің бірі, автомобиль тауарлары дүкендері, оның ішінде «UralCarСity» бизнес-орталығы тиесілі.

Қайғылы оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Кейбір деректерге қарағанда, қылмысқа кәсіпкердің компаниясында жұмыс істейтін азаматтардың бірінің қатысуы болуы мүмкін. 

Сағат 10.05-те облыстық көпбейінді ауруханаға 1969 жылғы ер адам жеткізілген. Алған жарақаттары салдарынан ол ауруханада қайтыс болды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталмаған 1981 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Торғын АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Все новости