00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Маңғыстауда бас есепші 200 млн теңгеден аса қаржы жымқырған

07.08.2023 | 04:00
106
Фото: ашық дереккөз

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды, деп хабарлады Elorda.info  Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікке ілінді.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпаратты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, одан әрі өзіне қайтарып алғаны анықталды. Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған,-делінген ведомство таратқан мәліметте.  

Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген. 

Бүгінгі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Все новости