00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Каспий теңізіне 300 литрге жуық жанар-жағармай төгілген

28.04.2023 | 23:00
122
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне кемеден 300 литрге жуық дизель отыны төгілген, деп хабарлады Elorda.info.

24.kz сайтының жазуынша, оқыс оқиға Түпқараған ауданына қарасты Аташ және Баутино ауылы іргесіндегі жағажайда болған. Су бетіне жайылған майлы дақты көрген тұрғындар уәкілетті органға шағым түсірген.

Экологтар оқиға орнына барып, судан сынама алды. Зертханалық талдаудан соң қарақошқыл түсті сұйықтықтың жанар-жағармай екені анықталды. Су көлігі тиесілі серіктестікке қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүріп жатыр.

Мұнай қалдықтары деп айта алмаймыз. Зертханалық анализдің қорытындысы бойынша Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Теңіз суын ластау экологиялық кемшілікке жатады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - деді облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Ержан Жұмашев.

Все новости