00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ірі мөлшерде есірткі тасымалдаушы ұсталды

31.07.2023 | 09:00
113
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Еліміз арқылы өткен героиннің ірі партиясы “транзитінің” жолы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР ІІМ-нің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Павлодар облысының полиция департаментінің бірлескен жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі есірткі тасымалдаушысы ұсталды. 

– Ағымдағы жылдың шілде айында «Павлодар – Омбы» бағытындағы автожолда жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы ҚР азаматы ұсталды. Жүк көлігінің «Volvo» маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 кг “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 кг “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады.

ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы). Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкін тәркілеу, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

– Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Асқар Мұхаметқалиев.

Все новости