Халық Қаһарманы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kaskap_406a7665e2.png)
«ҚР Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы, армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілер отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Туған қалам - Қарағанды шахтасындағы қайғылы оқиға туралы естіп, бүкіл қазақстандықтармен бірге қабырғам қайысуда. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді қазақ. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері атынан, жеке өз атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақпыз дегім келеді.
Қиындығы мол, қауіп-қатерге толы шахтер еңбегінің бағасын өз басым жақсы білемін. Өйткені сол Костенко атындағы шахтада бес жыл бойы проходчик болып еңбек еттім. Осы жағдайды жүрегіме жақын қабылдағаным да сондықтан шығар.
Оқиға орнына Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев барып халықпен кездесті, щұғыл шешімдер қабылдауға нұсқаулар берді. Сондай-ақ, Президент ешкімнің мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайтынын нықтап айтты. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық тоқтатылатын болды. Енді қарапайым халықтың жағдайын жасайтын жаңа инвестор келеді деп үміттенейік.
Бүгін Қазақстанда қаралы күн, 29 қазан – Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. «Қайғыны бөліссе азаяды» дейді халық даналығы, ендеше жұдырықтай жұмылып, елдігімізді танытсақ, бұл қиындықты да еңсеретініміз анық, - деді «ҚР Қарулы күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы, армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев.
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)