Елімізде ұрлық көрсеткіші 28,2 пайызға төмендеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/rly_8d4c90b58d.jpg)
Бас прокуратура елдегі ұрлық жасау қылмысының биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша көрсеткішін жариялады, деп хабарлады Elorda.info
Ведомство берген мәліметке сәйкес өткен жылдың осы уақытындағы есеп бойынша 42 752 ұрлық дәйегі тіркелген болса, биыл бұл көрсеткіш 30 173-ке қысқарған.
Баc прокуратура аймақтар бойынша қылмыстың осы түрінің салыстырмалы статистикасын да жариялады. Оған сәйкес, қазіргі таңда ұрлық қылмысы бойынша Алматы қаласы алғашқы орында тұр екен.
Алматы (қ) - 7154,
Астана (қ) - 3541,
Алматы -2197,
Қарағанды - 2114,
Қостанай – 1519,
Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447 ұрлыққа қатысты іс
Шымкент қаласында тіркелген.
Сондай-ақ бас қадағалаушы органның жазуынша елде ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді.
Еліміз бойынша өткен сегіз ай ішінде ұялы телефон ұрлау дәйегі бойынша 7967 арыз шағым түскен. Былтыр бұл көрсеткіш 8984 болған.
Қылмыстың бұл түрінен де Алматы қаласы көш бастап тұр.
Мәселен, Алматы қаласында - 2287, Астана - 844, Алматы облысында - 576,
Қарағанды облысында - 527, Ақтөбе облысында - 424, Абай облысы– 431 және Шымкент қаласында – 467 аталған қылмысқа қатысты құқықбұзушылық тіркелген.
Сонымен қатар, автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады. Қылмыстың бұл түрі бойынша жыл басынан бері барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз, - делінген прокуратураның мәліметінде.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.
Мал ұрлығы дәйегі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17,7%- ға азайған.
Ұрлықтың бұл түрінің көпшілігі Алматы (172 іс), Батыс Қазақстан (124 іс), Түркістан (124 іс), Жетісу (93 іс), Жамбыл (68 дерек), Абай (66 дерек) облыстарында тіркелген, - деп жазды дереккөз.
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)