00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Электр энергиясының жетіспеушілігі іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр – ТЖМ

29.10.2023 | 09:30
102
Фото: ТЖМ

Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті  шараларды ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде қолға алынды, – деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда. Сондай-ақ қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.  Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде. 

Все новости