00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Атырауда автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ұсталды

05.03.2024 | 16:00
117
фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі

Департаменттің мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісін балағаттап, соққыға жыққан ер адамның жасы – 47-де.

Бүгін, 5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы ер адам №22 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің жүргізушісіне күш қолданып, ұрып-соққан. Қазір 49 жастағы жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, белгісіз ер адамның автобус жүргізушісіне қол жұмсаған бейнежазбасы Instagram желісінде тараған болатын. 

Все новости