00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Атырауда қаржы пирамидасын құрған топ әшкереленді

22.08.2023 | 09:30
128
Фото: ашық дереккөз

Атырауда қаржы пирамидасын құрған топ ұсталды, деп хабарлады Elorda.info  Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған азаматтар «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды. 

Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді, - делінген ведомство ақпаратында. 

Все новости