Қарағандыда газ баллоны жарылысынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/fd4515bc597778820a4facc3d7caab2b_1280x720_a86d9a63c2.jpg)
Ең алдымен, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз, – деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.
Жергілікті атқарушы орган жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазМИРР сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлерінде орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешілетін болады.
Айта кетейік, Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылған болатын.
Пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен қирады. Басқа пәтерлер де ішінара зақымдалған.
Үйде тұратын 46 тұрғынның 35-і жарылыс кезінде үйлерінде болған. Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екі бала үйіне жіберілді. Бір бала ОБКА-ға жеткізілді, сонымен қатар ауруханада екі ересек адам бар, олардың біреуі өте ауыр жағдайда.
Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істейді.
Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.
![](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Шығыс Қазақстанда ат үстіндегі әйелге найзағай түсті](/img/articles/cf931f32f2646cf1e405ec7657db3a60.jpeg)
![Көкшетауда 10 жастағы батыр бала ТЖМ медалін алды](/img/articles/c7471c2cff474e5c4e0907fd482472a5.jpeg)
![Қазақстандық құтқарушылар селден зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін Қырғызстанға барды](/img/articles/7f0b90df0366255704cc8e37d5890d04.jpeg)
![ШҚО-да ер адам жартастан өз бетінше түсе алмай қалған](/img/articles/ff15c95aebcd02f48ca9e58fb6f63b5a.png)
![Елордада балалар ауруханасынан өрт шықты](/img/articles/29ac810919c5d989f9b120fc76b946b7.jpeg)
![Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды](/img/articles/58173677385a7aaa9bf8362d1d094447.jpg)
![Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алған](/img/articles/dbf605288623506290a39c0224014a0e.jpg)
![Елордада екі жасар баланы тұншықтырып өлтірген күдікті ұсталды](/img/articles/6abfaab53dc7c0bc83b256fc1f895dc8.webp)
![Елордалық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды](/img/articles/b46c3150a3560d7267af18595f75893b.jpeg)
![Алматыда субұрқақ жанынан жас жігіттің денесі табылды](/img/articles/f9ed1632b47528ca31b80e0928fd6ed7.jpg)
![Жыл басынан бері 16 есірткі зертханасы жойылды](/img/articles/536ad347f91981ef0c358d798208557a.jpeg)
![Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді](/img/articles/uploads/karta_d6acbb748b.jpg)
![Олжас Бектенов: Қазір бастысы – апаттан адам өмірін сақтап қалу](/img/articles/bbfb0eabd28751a406a7ba91f0ae9f6d.jpg)
![Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды](/img/articles/99ae458d4a422df9b5ec20a310c9a847.jpg)
![Астанада аялдама мен үйдің қаптамасын бұзғандар анықталды](/img/articles/uploads/kolik_policeyleri_50_ge_zhuyk_terrorizm_turaly_korineu_zhalg_an_habarlama_tirkedi_1700449524_9c6d0d4e3b.png)
![Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/fn_a160219338.jpg)
![Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды](/img/articles/uploads/prok_tur_1f48356c9d.jpg)
![Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды](/img/articles/uploads/Fkx_Y5fyg_93fb09f472.jpg)
![Тараз тұрғыны зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен](/img/articles/uploads/full_1700840158bea8f16a810b089b667a88e15284e0e2_webp_2ab1179bea.jpg)
![«Брендтік аяқ киімді киіп кеткен»: Елорда мешітінде ұрлық жасаған адам ұсталды](/img/articles/uploads/policziya_4130d0bec8.jpeg)