00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Алматы - Орал бағытындағы ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды

25.11.2023 | 10:30
91
Фото: ашық дереккөз

Кеше Орал қаласының әуежайында ұшу-қону жолағындағы іліністің төмен коэффициенті мен қатты желге байланысты Орал қаласынан және өзге аймақтардан Орал қаласына бірқатар рейстердің тоқтатылғаны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Air Astana әуекомпнаиясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Компанияның ақпаратынша Орал әуежайында бүгін де қалың тұман басып тұрған көрінеді.   

Бүгін Орал қаласының әуежайында қолайсыз ауа-райы сақталып тұр (тұман және жеткілікті көрінім жоқ). Осыған байланысты Астанадан Оралға рейстер кешіктіріліп жатыр, ал Алматы-Орал бағытындағы КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайында қонуға мәжбүр болды,-  деп жазды дереккөз. 

Сонымен қатар компания өкілдері рейстердің алдағы мәртебесі туралы әуекомпанияның ресми сайтынан тексеруді сұрады.

Все новости