00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Абай облысында әкімдік орындалмаған жұмыс үшін 9,1 млн теңге төлеген

13.11.2023 | 08:30
106
Фото: ашық дереккөз

Абай облысындағы Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы 37 заңсыз шарттарды анықтады, деп хабарлады Elorda.info 

Аудандық әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу тендерін екі рет өткізген. 

Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін  9,1 млн.теңге төлеген. Артынан қылмысты жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа мердігермен қайтадан шарт жасасқан, - деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Оқиғаға  қатысты  ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. 

Дреккөздің жазуынша, істі ары қарай тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылған.

Все новости