00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

05.11.2023 | 05:30
138
фото: Polisa.kz

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Валерия Ефанова 2 қараша сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығына дейін.

Кәмелетке толмаған баланың қайда жүргені туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз!, - делінген хабарламада.

Все новости