00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ақтөбе облысында әскери қызметкер әріптесін атып өлтірді

04.12.2023 | 12:49
128
фото: дереккөзден

Ақтөбе облысындағы шекара заставасында әскери қызметкер өзіне бекітілген қарумен әріптесін атып өлтірді, деп хабарлады Elorda.info.

Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін Б. есімді әскери қызметші әріптесі Ж.-мен (ол да келісімшарт бойынша әскери қызметші болған) сөзге келіп қалып, өзіне бекітілген қарудан оған оқ атқан. Соның салдарынан Ж. жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, - деп көрсетті Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы.

Қазір бұл факті бойынша  ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір әскери қызметкер ұсталды. 

Все новости