00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық тұрғын 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін туысын өлтіруді ұйымдастырған

01.04.2023 | 01:07
Елорда ақпарат
124

Астана қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үшінші тұлғаның мүддесі негізінде 57 жастағы әйелдің өлімін ұйымдастырған елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz сайтының жазуынша, ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы «орындаушымен» мәміле жасасып, оған шартты 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде берген, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.

Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды.

Жәбірленуші оған биылғы ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған.

Өзге деректер тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Все новости