00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды

31.03.2023 | 23:13
Елорда ақпарат
102

Бүгін Астанада тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық ТЖД-ның мәліметінше, сағат 12:26-да Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтерде 25 шаршы метрде жиһаз бен үй заттарының жанып жатқанын анықтады, - делінген хабарламада.

Елордалық өрт сөндірушілер автосатылардың көмегімен 26 адамды құтқарды. Оның  13-і  – бала.  125-ке жуық адам эвакуацияланды.

Жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері 6 адамды, (оның үшеуі баланы) ауруханаға жеткізді, - деп хабарлады ведомстводан.

Елордалық ТЖД мәлім еткендей, тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамның 18 маманы және 4 техника жұмылдырылды.

Все новости