00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Таразда анасын тонаған қыз ұсталды

31.03.2023 | 23:03
Елорда ақпарат
118

Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз ұсталды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұры пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple Watch сағатын ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды.

Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Все новости