00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада 7 жасар бала душ қабылдап жатып күйіп қалған

31.03.2023 | 21:55
Елорда ақпарат
110

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде 7 жасар бала душ қабылдап жатып күйіп қалған. Анасының сөзінше, душ суының температурасы бірден өзгеріп, ыстық су аға бастаған. Салдарынан бала құлап, арқасы мен алақаны күйіпті, деп хабарлады Elorda.info «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Александра Тимошина су температурасының өздігінен ауысуы желтоқсанда, жертөледе сантехник жөндеу жұмыстарын жүргізген соң басталған. 

Қатты айқайлап, бөлмеде жүгіріп жүрді. Шағым бойынша пәтер иелері кооперативіне жүгінсін деді. Шағымды төрағаға алып бардым, бірақ ол қабылдағысы келмеді. «Бұл менің мәселем емес, маған қатысы жоқ» деп айтты, - деді зардап шеккен баланың анасы. 

«Астана ЖылуТранзит» өкілдері үйлерге жылудың берілуіне ғана жауап беретінін айтады. Пәтерлерге қалай бөлінетінін пәтер иелері кооперативі шешеді екен. 

Біз ғимараттардың жертөлесіне қызмет көрсетеміз, яғни құбыр ауыстыру және т.б. Ыстық суды біз бермейміз. Мұндай мәселе тек осы үйде ғана емес, – деді диспетчер. 

Александраның айтуынша, соңғы аптада тек ұлы ғана емес, көршілері де күйіп қалған. Бірақ қатты емес дейді. Болған жағдайға көз жұмып қарай алмаймын деген ол ұлының еміне кеткен шығынды өндіріп алмақшы. Ал баласы екі деңгейдегі күйік алған. 

Все новости