00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада жүргізуші куәлігін алып беремін деген алаяқ ұсталды

31.03.2023 | 20:55
Айман Нығмет
82

«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 23 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің «Instagram» әлеуметтік желісінде жүргізуші куәлігін жылдам алып беремін деген жалған парақша ашқаны анықталды. Ол жәбірленушіден алдын ала 160 мың теңге ақшасын алып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен. Алаяққа алданғанын түсінген жәбірленуші полициядан көмек сұраған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жас жігіт кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

 

 

Все новости