00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Тойда аспанға оқ атқан қонақтар ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:07
Айман Нығмет
111

Шымкент полициясы тойда аспанға оқ атқан екі тұрғынды ұстады деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармаға біреулер қалада өтетін тойдың аяғында отшашудың орнына оқ атылатын айтып хабар берген. Ал жедел қызметкерлер оқиға орнына қонақ ретінде барған. 

Ақпарат рас болып шықты: түн ортасында үйлердің бірінде екі қонақ аспанға бірнеше рет оқ атты, – дейді полицейлер. 

Жедел қызметкерлер оқ атқандарды ұстап, нөмірі өшірілген АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматын тәркіледі. Криминалистер оқиға орнынан 20 шақты гильза тапқан. 

Қазір заңсыз қару ұстауға қатысты соталды тергеу жүріп жатыр. 

Все новости