00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін» алаяқ ұсталды

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
105

Астана тұрғыны Сарыарқа ауданы ПБ-на төрт жүргізуші куәлігін қайтарымсыз сатып алуға уәде берген азаматқа шара қолдануды сұрап арызданған, деп хабарлады Elorda.info.

Ұсталған азамат арызданушымен бұрын таныс болған. Әңгімелесу барысында алаяқ жәбірленуші мен оның туыстарына жүргізуші куәлігін алып беруге 600 000 теңге көлемінде ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған күдікті қашып үлгерген.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер азаматтарға қаскүнемдердің айласына бой алдырмауды, бейтаныс тұлғаларға ақшаны, сондай-ақ банк шоттары мен карточкаларының цифрлық деректерін беруде сенбеуді ескертеді.
 

Все новости