00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қарағанды облысында шахтада апат болып, 4 адам көз жұмды

31.03.2023 | 19:46
Елорда ақпарат
92

Бүгін түнде Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болды. Салдарынан 4 кенші көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлметінше, 3 қарашада таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болған.

Газ бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газ атқылап, 4 жұмысшы қаза тапты. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ төрт адам ауруханаға жатқызылды, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнынан 106 жұмысшы эвакуацияланған.

ТЖМ өкілінің айтуынша, апатты тергеп-тексеру үшін комиссия құрылуда, оның қорытындысы бойынша апаттың себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Оқиға орнында облыс әкімі, қала басшысы және компания жетекшілері, «Көмір» ӘҚҚҚ авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Все новости