00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астаналықты 36 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

31.03.2023 | 17:05
Елорда ақпарат
120

Елордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқты Алматы қаласынан ұстады.

Күдіктінің екі ЖШС басшыларының арасында туындаған сот процесін шешуге уәде бергені анықталды. Заңды қызмет көрсету сылтауымен сенімге кіріп, ол процесті оның пайдасына шешуге уәде беріп, фирма директорының 36 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауда.

Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Бағалы заттарды немесе ақшаны бергенде қайтадан тексеріп, сақтық таныту қажет.

Все новости