00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

25 тонна қарбыз тиелген жүк көлігі аударылды

25.02.2023 | 09:22
Айман Нығмет
110

24.kz мәліметінше, жарылған қарбыздар тапталып, күре жол қызыл түске боялған. Тіпті аз уақытқа машиналардың да аялдауына тура келді. Тонна-тонна қарбыз артқан көлік Түркістаннан Таразға келе жатып, орта жолда аударылған. Полиция таратқан мәліметке сүйенсек, жүргізуші рөлге ие бола алмай, техника теңселіп жол жиегіне төңкерілген. Абырой болғанда көлік тізгіндеген 28 жастағы азамат аман. Тек жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан көрінеді. Қарбыздың кімге тиесілі екені және қанша шығын келгені әзірге белгісіз.

 

Все новости